қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
01.06.2020

Биология кафедрасы магистранттарының алдын ала қорғауы

 

2020 жылдың 28-29 мамыр күндері Жаратылыстану және география институтының биология кафедрасында онлайн режимде Meet.google платформасы арқылы магистрлік диссертацияларды алдын ала қорғауы болды. Алдын ала қорғауға кафедра меңгерушісі Мұрат Жаксыбаев, институт директорының ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Қалампыр Жұмағұлова, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, магистранттардың ғылыми жетекшілері мен магистратура түлектері қатысты.


Магистратура түлектері жүргізілген зерттеу нәтижелері туралы баяндамаларын жасады. Осы кездесулер кезінде айтылған сұрақтар мен ескертулер магистранттарға өздерінің диссертацияларын қорғауға жақсы дайындалуға көмектеседі.


Кафедра меңгерушісі Мұрат Бөденұлы қорғау қорытындысын шығарып, мемлекеттік аттестациялық комиссияға дайындық бойынша түлектердің алдағы міндеттерін еске салды.

 

   

 

   

 

   


Жаратылыстану және география институты



204

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler