қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
14.03.2018

 

«Педагогикалық STEM-парк» қазақстан-ресей халықаралық семинары

 

2018 жылдың 17 наурыз күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Білімді ақпараттандыру және білім технологиялары мәселелері халықаралық ғылыми зертханасы базасында «Педагогикалық STEM-парк» қазақстан-ресей халықаралық семинары өтеді.

 

Халықаралық семинарды ұйымдастырушы: Абай атындағы ҚазҰПУ-нің информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының жанындағы Білімді ақпараттандыру және білім технологиялары мәселелері халықаралық ғылыми зертханасы

 

Семинарға шетел ғалымдары, білім беру саласының мамандары, Қазақстан Республикасы, таяу шетел ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар және PhD докторанттар қатысады.

 

Семинарда талқыланатын мәселелер:
«Педагогикалық STEM-парк» - бизнес пен білім беру жүйесінің серіктестік өзара әрекетінің жаңа форматы.

STEM-паркты білім беру үдерісімен сабақтастыру.
Цифрлық робототехника мен мехатроника бойынша STEM-зертхана үшін компаниялар өнімдерімен таныстыру.

 

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

 

Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Төле би к., 86, Абай атындағы ҚазҰПУ, 3-қабат, акт залы


Басталуы: сағат 10.30

 

Ұйымдастыру комитеті:

Байланыс телефондары:.87472879777, 87078203301, 87773565031,8(727) 272-30-73

e-mail: esen_bidaibekov@mail.ruaiya_c@mail.rubbgu@mail.ruinformatika233@mail.ru 

 

Қосымша: семинар бағдарламасы

 



612

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler