қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
11.04.2018

5В010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

мамандығы бойынша студенттердің Х Республикалық пәндік олимпиадасы

 

2018 жылдың 19-20 сәуір аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойы аясында студенттердің X Республикалық пәндік олимпиадасы өткізіледі.


5В010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша студенттердің X Республикалық мерейтойлық пәндік олимпиадасына қатысуға талантты және дарынды студенттерді шақырамыз. Олимпиадаға ЖОО ішіндегі іріктеу турларында бірінші орынды иеленген командалар қатысады.

 

Өткізілу орны: Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанаты Алматы қ., Төле би, 86, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың акт залында, қалған іс-шаралар Төле би, 31, Педагогика және психология институты, №15 тарих кабинеті.

 

Ұйымдастырушы: Педагогика және психология институтының бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы.

Байланыс телефондары: 87473621318 Асел Стамбекова, 87772818623 Лариса Лебедева, 87074087070 Жеңіскүл Шарипходжаева, 87777562319 Гүлнар Омарова, 87714438067 .
Қосымша: олимпиаданы өткізу туралы ережеақпараттық хат.

 

 



372

Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler