қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
24.02.2018

 

2018-2019 оқу жылына арналған Мевлана алмасу бағдарламасы

Құрметті Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенттері мен оқытушылары!

 

ҚазҰПУ-дың серіктесуниверситеті - Мугла Сыткы Кочман университеті (Түркия) «Мевлана» алмасу бағдарламасына қатысуға тілек білдірушілерді келесі бағыттар бойынша шақырады: Қазақ тілі мен әдебиеті,Шет тілі: екі шет тілі (Түрік тілі),Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие,Педагогика және бастауыш білім беру әдістері, Музыка, Бейнелеу өнері және сызу, Музыкалық білім.

 

Мевлана алмасу бағдарламасына бакалавриат, магистратура және докторантураның студенттері қатыса алады.

 

Студенттердің қатысу шарттары:

- Бакалавриат, магистрантура және докторантура бойынша бірінші курстың бірінші семестрінде оқитындар білім алушылар аталмыш бағдарламаға қатыса алмайды;

- Бакалавриаттың студенттерінің GPA көрсеткіштері 2,5/4,0-ден төмен емес (немесе 100%-дан 65%), магистранттар мен докторанттардың GPA көрсеткіштері 3.0/4,0-ден төмен емес (немесе 100% -дан 76,66%)болуы керек;

- Түрік тілінен тест тапсырғаны туралы куәлік болуы керек;

- Үміткердің ағылшын тілін білуі бәсекелестік артықшылығы болып есептеледі;

- Бағалау барысында 50% GPA және 50% тіл туралы білімді ескереді;

- Оқу мерзімі: 4 ай

 

Бағдарламаға қатысу үшін:

1. Candidate Student Application Form толтыру;

2. Транскрипт ұсыну;

3. Куәліктің болуы қажет.

 

ПОҚ қатысу шарттары:

Мұғалімдер үшін «Мевлана» бағдарламасыда түрік тарапынан ақысы төленетін кем дегенде аптасына 6 сағатқа дәріс қарастырылады.Егер мұғалімдер сағаттардың қажетті санын жинамаса, онда бұл жағдайда олар семинарлар өткізеді, топта жұмыс істейді, сондай-ақ конференцияларға қатысады.

- ПОҚ ұтқырлығының мерзімі 2 аптадан 3 айға дейін болады.

 

Бағдарламаға қатысу үшін мұғалімдерге қажетті құжаттар:

- Academic Staff Information Form толтыру;

- Түйіндеме;

- Басылымдар, презентациялар, жобалар;

- Қабылдаушы ЖОО-дағы жұмыс жоспары;

- Ағылшын немесе түрік тілін жақсы меңгеру (университеттің талабы бойынша сертификат).

 

Ұшу, визалық шығындар және сақтандыру студенттер мен оқытушылардың өз есебінен төленеді *

 

Қосымша ақпаратты MevlanaExchangeProgrammeApplicationDetails алуға болады.

 

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі - 1.03.2018ж. (қоса алғанда)

 

«Мевлана» бағдарламасына қатысу үшін Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімі, №1 оқу ғимараты, 205 кабинет, 8 727 291 36 92 телефоны арқылы байланысу керек.

 

 



1222

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler