қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
19.12.2017

Цифрлық білім беру  институтын құру туралы  үздік тұжырымдамалар  конкурсы

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің серіктесі - Мәскеу қалалық педагогикалық университеті (МҚПУ) құрылымында Цифрлық білім беру  институтын құру туралы үздік тұжырымдамаларға конкурс   жарияланғанын хабарлайды.

 

Конкурстың негізгі мақсаты:  сайысқа қатысушылардың тұжырымдамаларын талдау негізінде білім беру жүйесінде цифрлық технологияларды  қолдану үрдістерін ескере отырып,  Университет құрылымының болашағын  жетілдіру.

 

Конкурс 2017 жылдың 18 желтоқсанынан 2018 жылдың 15 ақпанына дейін жүргізіледі.


Оған цифрлық білім берудің дамуына қызығушылық танытып отырған жоғары оқу орындарының қызметкерлері, оқытушылары мен ғалымдарынан құрылған командалар, әр түрлі ұйым өкілдері  қатыса алады. Ұжымдық қатысуға рұқсат етіледі.

 

Конкурс екі кезеңде өткізіледі: сырттай және іштей.


Өтінімдерді байқаудың бірінші (сырттай) кезеңіне қабылдау 2017 жылдың 18 желтоқсанынан   2018 жылдың  19 қаңтары аралығында жүргізіледі.

 

Конкурсқа қатысу туралы өтінім және МҚПУ-нің Цифрлық білім беру  институтын құру тұжырымдамасын жасау жобасы байқау туралы Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес ресімделеді және электрондық хатпен «МФББМ ЖБ МҚПУ  цифрлық білім беру институтын құру тұжырымдамалар конкурсына» белгісімен komarovrv@mgpu.ru электронды мекен-жайға жіберілуі керек. Хатта өтініш беруші дербес деректерді өңдеуге өзінің келісетінін растайды.

 

Екінші (күндізгі) кезең - 2018 жылдың 1-15 ақпаны аралығында өтеді және байқау финалистері комиссиялардың алдында МҚПУ-дің Цифрлық білім беру  институтын құру туралы тұжырымдамасы жобаларын қорғайды.  

 

Конкурсқа қатысу туралы толық ақпараттармен, өтінімдерді рәсімдеу талаптарымен, жобаларды бағалау критерийлерімен Ережеде танысуға болады. Конкурс туралы ақпараттар бойынша сұрақтарды komarovrv@mgpu.ru электронды мекен-жайға жолдасаңыздар болады.   

 



796

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler