қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
12.02.2020

Жоғары және орта оқу орындарында білім беру бағдарламаларын сәйкестендіру

 

   

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылыми кеңесінің 2019 жылғы 29 желтоқсандағы шешіміне сәйкес Жаратылыстану және география институтында 2020 жылдың 12 ақпанында университетіміздің Мансап орталығының ұйымдастыруымен «ЖОО және орта білім беру ұйымдарындағы білім беру бағдарламаларын сәйкестендіру» тақырыбында мәжіліс өтті.


Кездесуге Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков, Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова, профессор-оқытушылар құрамы және орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатысты.

 

Мәжіліс барысында білім беру бағдарламалары бойынша проблемалық мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдары ұсынылды. Институт директоры алдағы уақытта осы ұсыныстар бойынша қажетті жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді.

 

   

 

   

 

   

 

«Мансап» орталығы



279

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler