қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Хабарландыру
09.11.2017

Қазақстан Республикасы
Астана қаласы, Ә. Бөкейхан көшесі, 10
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» ММ
Баспа және жұртшылықпен байланыс қызметі
Тел.: 8 (7172) 75 12 15, 69-30-56, 69-30-53,
E-mail: presidentlibrary.pr.kz@gmail.com 

 

 

Баспасөз хабарламасы

Қазақстан жолы: «Мәңгілік Ел» семинар-тренингі

Елбасының кітапханасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекелеріне орай Алматы қаласындағы «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» жылжымалы көрме жобасының аясында ғылыми-білім беру іс-шараларын өткізеді.

2017 жылдың 13 қарашасында сағат 10.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғимаратында «Қазақстан жолы: «Мәңгілік Ел» семинар-тренингін өткізу жоспарлануда. Аталмыш семинар Елбасы кітапханасының ғылыми-білім беру жобаларын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылады.

Семинар-тренинг - «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының аясында құрылған «Көшбасшы әлемі» моделін, Мемлекет басшысының саяси және ел басқару тәжірибесін, қазақ мемлекеттігінің негізін қалаған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың тұлғалық қырларын көрсететін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасындағы білім беру жобасының құрамдық бөлігі. Курс аясындағы тренингтер мен тәжірибелік сабақтар лидерлік қасиетті қалыптастырып, жобалық және сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады.

Жоба қазақстандық жастардың отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған. Елбасы кітапханасы ұсынған жобаны жүзеге асыру жастардың қазақстандық бірегейлігін нығайту мен дамытудың, оның қоғам өміріндегі азаматтық деңгейін көтерудің маңызды тетігіне айналды.

Абай атындағы ҚазҰПУ-да Елбасы кітапханаларының және Елбасы туралы еңбектердің көрмесі өтеді.

Іс-шараның өтетін орын: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, Абай атындағы ҚазҰПУ Бас ғимараты, 320 мәжіліс залы.

Өтетін уақыты: 13 қараша 2017 ж. сағ. 10.00

 



550

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler