қазақша · русский · english
 
 
  Main / Announcements
16.02.2017


Хабарландыру


Алматы қаласы, Орбита-3/27 мекен жайында орналасқан №1 Балалар үйінде (09.01.2017-19.02.2017) аралығында 5В012300 -Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы, 3-курс студенттері үшін ұйымдастырылған педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы өтеді.
Конференция аясында 17.02.2017 жылы, сағат 10:00-12:00 де «Өзін өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты семинар сабақ, 14:00-16:30 да «Құндылықтар әлемі» атты шығармашылық конкурс өткізу жоспарлануда.
5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығына қатысты педагогикалық практиканы ұйымдастыру барысында жалпы білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісін «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасына сәйкес интеграциялаудағы білім беру үдерісінің моделіне мән беру керек.
Осы тұста «Өзін өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты семинар сабақты өткізудің мақсаты: «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру моделін жүзеге асырудың басты міндеті - жалпыадамзаттық құндылықтарға бағытталатын, қоғам мен қоршаған ортадағы өміршендікке дайын болатын тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына ықпал ету. Нәтижесінде білім беру үдерісінің субъектісі өзінің рухани болмысын тануға бағытталуы тиіс. Сонымен, осы моделді жүзеге асырудың нәтижесі адамның үйлесімді дамуы болып табылады.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы аясындағы білім беру үдерісі моделінің негізгі мәні - жалпы және қосымша, оқу және сабақтан тыс іс-әрекеттерін ықпалдастыру жағдайында білім беру үдерісінің жүйелілігін қамтамасыз ету. Осы жағдайда «Өзін-өзі тану» пәні білім берудің негізгі пәні немесе адамның үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін, әлемнің тұтас, үйлесімді бейнесін жасауға ықпал ететін метапән болып табылады.
«Құндылықтар әлемі» атты шығармашылық конкурс өткізудің мақсаты: негізгі өмірлік бағдарлар болып табылатын жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындап, қабылдау негізінде, өзін-өзі тану арқылы мінезі жетілген адамның қалыптасуына ықпал ету.
«Өзін өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты семинар сабақ пен «Құндылықтар әлемі» атты шығармашылық конкурсты өткізу барысында орындалатын міндеттер:
1. Өзін-өзі тану мен шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру барысында балалардың қажеттіліктерін дамыту.
2. Қоршаған ортамен үйлесімді өзараәрекеттесуге, өзін және өзгелерді түсініп, қабылдауға, өзінің ішкі әлемінде бейнеленетін қоршаған ортаны тануда белсенділік таныту, өмірлік ұстанымын анықтауға ықпал ету.
3. Жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы балалардың дүниетанымы мен мінез-құлықтық бағдарларын қалыптастыру.
4. Оқу және өмірлік жағдайларда адамгершілік мінез-құлықтың тәжірибесін, өзінің ойлары, сөздері мен қылықтары үшін жауапкершілікті, адамгершілікті таңдау жасауға дайындығын қалыптастыру.
Жалпы студенттер педагогикалық практиканың жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес, тәжірибелік тапсырмаларды «Өзін-өзі тануды оқыту әдістемесі» пәнінен жинақтаған классикалық философия мен педагогиканың идеялары, рухани-гуманистік педагогиканың, гуманистік психологияның теориялары мен тұжырымдамалық негіздері бойынша жинақтаған теориялық білімдерін, өз тәжірибесінде толық қолдануға мүмкіндіктері мол.
Себебі: «Өзін-өзі тану» пәнінің метапәндік мазмұны барлық оқу пәндерінің мазмұны арқылы жүзеге асады және барлық оқу пәндерін біртұтас мазмұнға біріктіреді. «Өзін-өзі тану» пәнінің метапәндік мазмұнында қоршаған ақиқаттың тұтас бейнесін қабылдап, игеру үшін қажетті және жеткілікті болатын «негізгі түйіндер» қарастырылады. Метапән ретіндегі «Өзін-өзі танудың» мазмұны оқу пәндерінің мазмұнынан ажыратылады, оның таным объектілерінің мағыналық мәні мета деңгейде қарастырылады. Осы объектілерді танудың нәтижесі балаларға алдын ала ұсынылмайды, оны әр бала арнайы ұйымдастырылған әңгімелесу арқылы өзбетінше анықтайды. Нәтижесінде баланың мәселені шешудегі өзіндік жеке тәжірибесі қалыптасады, сонымен қатар өзіндік тәжірибенің нәтижесін жалпымәдени жетістіктермен салыстырып, игереді.
Бұл тұлғаның қайталанбас ерекшелігін сипаттайнын, қоршаған орта мен өз-өзіне деген түрлі қатынастарды бейнелейтін тұлғалық нәтижелер.
5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша болашақ мамандардың педагогикалық практикада нәтижеге қол жеткізудегі басты міндеті - белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасып, шығармашылық әлеуеті дамыған, өзін-өзі тануға қабілетті, өзін-өзі жетілдіруге, жүзеге асыруға, қоршаған ортамен, өзге адамдармен, өз-өзімен үйлесімді өзара әрекеттесе білетін тұлғаның рухани-адамгершілікті табиғатын ашу.



222

Вернутся назад

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler