қазақша · русский · english
   
  Main / News
18.02.2011

26.04.2009-30.04.2009жж. М.П.Драгоманов атындағы Ұлттық педагогикалық университет (Украина) атынан келген делегацияның басты мақсаты екі жақты байланысты нығайту мен екі жақты әріптестік  туралы келісімге қол қою.

 

08.05.2009-14.05.2009жж. Франция елінен Тулуз университетінің профессоры және халықаралық байланыс бөлімінің басшысы Даниел Кабани Абай атындағы ҚазҰПУ-ға ресми сапармен келді. Ол саясаттану және әлеуметтану кафедрасына әрі тарих мамандығының студенттері үшін лекция оқыды. Сапар барысында екі жақты байланысты орнату туралы келісім-шартқа қол қойылды.


05.06.2009ж.  Абай атындағы ҚазҰПУ-ға  ҚР-дағы Польша Республикасы өкілдігінің бірінші хатшысы Павел Есса бастаған Польша университетінің бір топ өкілі келді. Кездесудің мақсаты екі жақты әріптестік қарым - қатынастарды орнату. Делегация құрамы:

1.     Профессор Марек Гавенцкий - Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының бірінші елшісі, Познань қаласындағы Адам Мицкевич атындағы университетінің ректорының Қазақстанмен байланыс орнату мәселесі жөніндегі өкілетті тұлғасы;

2.     Профессор Франчишек Глувка - Познань қаласындағы Медициналық Фармацевтика факультеті деканының орынбасары;

3.     Профессор Петр Банашик -  Познань қаласындағы Экономика Университетінің проректоры;

4.     Магистр Агнешка Хала - Познань қаласындағы Экономика Университетінің промоция бөлімінің бастығы;

5.     Магистр Ежи Ласковский - Адам Мицкевич атындағы Университеттің проректоры, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы.


19.06.2009ж.  Абай атындағы ҚазҰПУ-ға генерал Карвал бастаған Үндістанның Кадет корпус өкілдері келді, кездесудің басты мақсаты студенттер алмасу мен тәжірибе алмасу бағдарламасын дамыту болып табылады.


05.11.2009ж. Абай атындағы ҚазҰПУ-не Чунг-Анг университетінің профессоры, халықаралық байланыстар орталығының деканы Ким Сам Ёнга және профессор Ё Квон Джонның келу мақсаты екі жақты байланысты жаңартып, әрі қарай нығайту.


18.11.2009ж. Үндістанның жоғарғы әскери колледж өкілдерімен кездесудің мақсаты -екі жақты ынтымақтастықты дамыту.


31.03.2010ж.  Түрік Республикасынан Окан университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, декан Мустафа Косак және деканның көмекшісі Гулии Арслан университетке келді. Келіссөздер барысында Абай атындағы ҚазҰПУ мен Окан университеті арасында ғылыми-мәдени айырбас жөнінде екі жақты келісімге қол кою туралы шешім қабылданды.


25.06.2010ж.  Қытай  Халық Республикасынан Абай атындағы ҚазҰПУ-ға ресми делегация келді. Шетелдік студенттерді тарту жөніндегі білім орталығының өкілдері. Бұл сапардың мақсаты ҚХР еліндегі аймақтық кәсіби білім беру орталығы мен Абай атындағы ҚазҰПУ арасындағы екі жақты тиімді ынтымақтастықты орнату.

 Делегация құрамы:

1. Ванг Мао Ченг - Қытай білім беру орталығының директоры

2. Турде Нияз - Шиянь колледжінің директоры

3. Абайдулла Диляра - Білім орталығының қызметкері


03.09.2010ж. Абай атындағы ҚазҰПУ-ға Үндістан Республикасынан генерал-лейтенант Р.К.Карвал бастаған арнайы делегациясы келді. Делегацияның келу мақсаты: студенттермен академиялық алмасу бағдарламасын дамыту және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әскери кафедрасымен қалыпты байланысты тұрақтандыру.


04.09.2010ж.  Қытай Халық Республикасынан Білім министірінің орынбасары  Суар.. Ма Уынхуа мырза бастаған делегация келді. Кездесу барысында ынтымақтастық туралы екі жақты келісімге қол қойылды,  тұрақтанған әріптестік байланысты ары  қарай дамыту және бағыттау туралы айтылды.

Делегацияның құрамы:

1.     Ма Уынхуа - Білім министрлігінің орынбасары Суар;

2.     У Шияу Цон - Суар қаласындағы Білім министрлігінің Сыртқы байланыстар жөніндегі басқармасының бастығы;

3.     Шы Циянжон - Іле педагогикалық университетінің проректоры;

4.     Фын Цинсон - Іле педагогикалық университетінің  Халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы;

5.     Бахаргуль - Іле педагогикалық университеті  оқу бөлімінің бастығы.


09.09.2010ж. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Ермаганбетов М.Е. Польша Республикасының Познань қаласындағы Адам Мицкевич университетінің 4 кісіден құралған өкілдерін қабылдады.  Осы кездесу барысында екі жақты келісімге қол қою туралы  шешім қабылданды, сонымен қатар академиялық алмасу бағдарламасын жүргізетін, ғылыми іс-тәжірибе алмасуға қатысатын факультеттер анықталды.

Делегация құрамы:

1. Яцек Виткось- ғылым кандидаты, профессор Познань қаласындағы Адам Мицкевич университетінің Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры;

2.     Марек Гавенцки - Познань қаласындағы Адам Мицкевич университетінің Шығыстану институтының ғылым кандидаты, профессор;

3.     Хенрык Янковский - Познань қаласындағы Адам Мицкевич университеті Азиаттық зерттеулер кафедрасының ғылым кандидаты, профессор;

4.     Юстина Афек - Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасы елшілігінің   мәдениет жөніндегі консулы.


    19.09.2010г.  ҚХР-дан университетке ресми делегация келді. Сапардың мақсаты Абай атындағы ҚазҰПУ-ға шетелдік студенттерді тарту, қызықтыру және гранттар бөлу.

Делегация құрамы:

1.         Джоу Фу Сианг - Синьзянь политехникалық университетінің директоры

2.         Чень Хонгбинь - Мұнай-химия факультетінің оқытушысы


 

24. 09. 2010 ж. -  Жапон университетінің атынан келген ресми өкілдердің делегациясы. Кездесудің мақсаты: ҚР -дағы білім жүйесіндегі және педагогикалық ғылымға қатысты мәселелерді зерттеу.

Жапония университеттерінің атынан келген өкілдердің саны 5 адамнан тұратын делегацияны Халықаралық ынтымақтастық басқармасы және Психология-педагогика факультеті қабылдады. Келісім барысында екі жақты байланысты орнату туралы шешім қабылданып, оның ішінде академиялық алмасу, ғылыми алмасу, іс-тәжірибе ұйымдастыру бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша келісім-шартқа қол қойылды.

1.     Эндо Тадаши - Уцуномия университеті, педагогика факультетінің  профессоры;

2.     Отани Минору - Канадзава университеті, қоғамдық - әлеуметтік ғылымдар  институтының профессоры, мектеп педагогикасы  бөлімінің қызметкері;  

3.     Фукута Сейдзи - Цуру университеті филология факультетінің профессоры;

4.     Савано Юкико - Сэйсин әйелдер университеті, филология факультетінің  профессоры;

5.     Демежан Адлет - Цукуба университеті, докторант, аудармашы-үйлестіруші.


5 - 12 10. 2010ж.  Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры  Пірәлиев С.Ж. Араб Республикасының Жоғары Университет Кеңесінің Бас хатшысы Египет, (Мысыр) елінің азаматы Саула Абду Эль- Гариб ханымды және Каир университет оқытушысы Амал Абду Эль-Хаким Аббас Мухамедті жоғары білім  министрлігінің атынан келген ресми өкілдерін қарсы алды.

Кездесу барысында ғылым мен білім саласындағы байланысқа қатысты сұрақтар талқыланып, нәтижесінде Мысыр Араб Республикасының Жоғары университет кеңесі мен ҚазҰПУ арасында бірлестік қарым-қатынастарын нығайту туралы меморандумға қол қойылды, аталған меморандум бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ жоғарыда аталған университеттердің барлығымен тығыз қарым-қатынас орната алады. Ғылым мен білім саласында қарым-қатынас мәселесіне қатысты Меморандумда маңызды мәселелер енгізілді.

  • Факультет мүшелерімен, оқытушылар мен алмасу.
  • Студенттер алмасу.
  • Материалдарды әріптес елдің тіліне аудару (тарихи - мәдени, ғылыми және т.б.)
  • Ғылыми -зерттеу жұмыстарын бірігіп жүргізу, халықаралық білім беру қызметі
  • Семинарларға, конференцияларға, академиялық кездесулерге қатысу. Әріптес елде басылымдарды шығару.
  • Арнайы академиялық бағдарламаларды, соның ішінде (қысқа мерзімді кездесулер, сонымен қатар университет басшылығының қабылдайтын университетке сапарлары).

06.10.2010ж.-11.10.2010ж. Ғылыми-мәдени байланыстар бөлімінің басшысы Абрикарим А.М. Францияның Тулуз университетіне барып, нәтижесінде қашықтықтан оқыту бағдарламасы бойынша қос дипломдық келісімге келесідей мамандықтар бойынша: «Компания заңгері», «Бұқаралық құқық», «Халықаралық қатынастар», «Геосаясат» қол қойылды. Жобаның жүзеге асуы 2011-2012 оқу жылына жоспарланып отыр.

 

24.11.2010-01.12.2010жж.. География-экология факультетінің оқытушысы Сарқытқан Қастер Іле педагогикалық университетіне қос дипломық бағдарламасын өңдеу әрі екі жақты әріптестік  қарым-қатынасты орнату мақсатында  іссапарға барды.


 08.11. 2010 ж. Абай атындағы ҚазҰПУ-ға келген Түрік Республикасының делегеттарымен кездесу өтті, кездесудің мақсаты университетпен танысып, білім мен денсаулық сақтау саласындағы әріптестікті дамытып, оны қолдай түсу болды:

1.     Онал Озтюрк - КАТЕV Халықаралық Қоғамдық қорының Президенті

2.     Мустафа Озжан - «СЕМА» Госпиталінің Президенті


      10.11. 2010 ж. Түрік Республикасының делегаттарын күтіп алу. Абай атындағы ҚазҰПУ-ға келген Түрік өкілдерінің мақсаты басшылықпен кездесу әрі университетпен танысу, Абай атындағы ҚазҰПУ мен Акдениз Университеті арасында байланыс орнату болды.

1.     Исрафил Куртжепхе - АкденизУниверситетінің  ректоры 

2.     Ферамуз Оздемир - АкденизУниверситетінің инженерлік факультетінің деканы

3.     Мимар Турккахарман - АкденизУниверситетінің Педагогика факультетінің деканы

 

   11.11. 2010 ж.  Қазақстанда Темпус бойынша ақпараттық күннің өтуіне байланысты, ІV Темпус бағдарламасына қатысты жобалық жұмыстар ұсынылды. Аталған іс-шараға ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Қазақстан Республикасындағы Темпус бағдарламасы бойынша ұлттық кеңсе өкілдері, Еуропа комиссиясының мәдениет және аудиовизиуалды құралдар арқылы білім беру агенттігінің атқарушы өкілдері қатысты.

     Надыров М.К.- Білім және ғылым министрлігінің өкілі

Белен Энсисо -Еуропалық комиссиясының аудиовизуалдық құралдар, білім және мәдениет жөніндегі атқарушы агенттігінің бағдарлама жетекшісі.

Тасбулатова Ш.У. -Қазақстандағы Темпус бағдарламасы кеңсесінің ұлттық үйлестірушісі.

    Дусупова Гульнара - ТЕМПУС бағдарламасы жобаларының менеджері

Ноэми Ларуй - Қазақстан Республикасындағы Франция елшілігінің Ынтымақтастық жөніндегі Атташесі

Камила Сулейменова - Францияның  Ница Университетінің өкілі

Канжигалина Улпаш Габдулловна - Британдық кеңестің директорының орынбасары.





556

Вернутся назад

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler