қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
05.01.2019

«Жастар жылынан» не күтесіз?

 


 

«Біз Қазақстанның болашағы саналатын жастарды қолдауымыз керек. Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау - мемлекеттік саясаттың басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын».

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:

табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан.

 

Елбасы биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Өсемін, өнемін деген жанарында оты, жүрегінде жалыны бар жастар үшін керемет мүмкіндік. Бұл - біріншіден, ел тізгі­нін ұстар жастарға артылған үлкен сенім. Екіншіден, қазақ жастары­ның рухани әлемін байытып, қоғамдағы келбетін аша түсуге жасалған қамқорлық. Бүгінгі жастар өте сауатты. Олар ізгілікке, жаңа­шылдыққа құмар. Жарқын идеялар мен тың ұсыныстарға бейім. Сан алуан тақырыптарды аз уақыт­та қамтып үлгеруге шебер. Сол себепті де, олардың ел дамуына қосатын үлесі салмақты. Жалындап тұрған жас­тардың биылғы жылдан жаңалық күтуі заңдылық. Біз осы орайда «Жастар жылынан не күтесіз?» деген тақырыпта сауалнама жүргізіп көрдік. Салмақты ой айтып, саналы пікір білдірген қала жастарына кенде емес екенбіз. Разы болдық.

 

 

Нұрдәулет Диқамбай,


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2-курс магистранты:


Жас мамандарға барлық жағдай жасалса екен деймін

 

- Елбасы әр Жолдауында білімге құштар студенттерге үнемі қолдау көрсетіп отырады. Биыл да жастар назардан тыс қалған жоқ. Тұтас бір жылды «Жастар жылы» деп атап, жүрегінде жалыны бар, ұлты үшін қызмет етуге дайын жас­тардың үмітін оятты. Алматы халқының үштен бір бөлігі жастар болса, мен де сол жастардың бірімін. Таңда­ған мамандығым бойынша өз ісімнің шебері болу - басты мақсатым. Бүгінде білімімді жетілдіріп, мәдени танымымды кеңейтіп жүрген жайым бар. Біздің заман білекке емес, білімге сенетін заман. Ал білім - жетістікке жетудің баста­масы. «Жастар жылынан не күтесіз?» дегенге келсем, мені жастардың жұмыссыздық мәселесі көбірек толғандырады. Мәселен, жас маманға жұмысқа орналасуда кедергілер көп. Әсіресе, мамандығы бойынша жұмыс табуы қиынның қиыны. Менің ойымша, кеше ғана диплом алған адамнан жұмысқа тұрарда жұмыс өтілін талап ету ақылға қонымсыз дүние. Осыны жұмыс беруші тараптар назарда ұстаса... Егер әр жұмыс беруші жас маманмен екі жылдан кем емес уақыт еңбек өтілі туралы келісім-шарт жасаса деймін. Бұл жас маманның қарым-қабілетін байқауға, жеке тұлға ретінде танылуына зор мүмкіндік туғызар еді. Ал жалпы алғанда, жас мамандарға барлық жағдай жасалса екен деймін...

 

 

05.01.2019 ж.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz


 



3

Вернутся назад

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler