қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
24.10.2017

Алматыда «Денсаулық күні» атты спартакиада өтті

 

Алматыда «Денсаулық күні» атты спартакиада өтті. Спорттық шараға Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің 2 мыңға жуық студенттері мен мұғалімдері қатысты. Спорттың 9 түрінен жарыстар ұйымдастырылып, жүлделі орын алғандар мақтау грамотасымен мараппатталды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай шараны өткізудегі мақсат - қала тұрғындарына бұқаралық спортты кеңінен таныстыру, оны дамыту. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті.

«Халықтың денсаулығы ел дамуының аса маңызды тұтқасы. Болашағымыздың кепілі деп Нұрсұлтан Әбішұлы айтқан. Сол біздің болашағымыздың кепілі ретінде жастарымыз осы бұқаралық спортқа қатысып және барлық спортпен айналысса деген ойлармен бастап отырмыз. Осы біздің спартакиадамыздың негізгі идеясы бұқаралық спортты осы елдің арасында жария етіп, одан кейін ары қаратай дамытуға ат салысу»,- деді Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, Тахир БАЛЫҚБАЕВ.

 

Алматыда «Денсаулық күні» атты спартакиада өтті (видео)

 

 

Ақпарат көзі«Аlmaty.tv» теле арнасы  

24.10.2017ж.

 



302

Вернутся назад

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler