қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
09.09.2011

2011 жылдың 22 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан Респуликасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы және университет колледжінің 10 жылдығына орай колледж ұжымы осы лицей-колледждің құрылуы мен қалыптасуына зор еңбек сіңірген академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.С.Садықовтың өмірі мен қоғамдық қызметін, ғылым-білімнің дамуындағы рөлін зерттеуге арналған «Академик Т.С.Садықов және оның Қазақстан білімінің дамуындағы атқарған рөлі» деген тақырыпта қалалық ғылыми-теориялық конференция өткізілді.

Конференцияның мақсаты университет пен колледждің арасындағы үзіліссіз оқу жүйесін орнықтырған академик Т.С.Садықовтың ғылымдағы және білім беру ісіндегі еңбегі, Қазақстандағы гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелерін, білім беру технологиясын сөз ете отырып, Абай атындағы ҚазҰПУ колледжін насихаттау, колледж ұжымының біліктілігін білім беру мекемелеріне әйгілеу болды.

Конференция төмендегі секциялар бойынша талқыланды:

1. Қазақстандағы гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері және білім беру ұйымдарында тарих пәнін оқытудың технологиясы және инновациялық әдістері - Қазақстан гуманитарлық ғылымдарының өзекті мәселелері, гуманитарлық ғылымдардың интеграциялануы мен дамуы; тарих пәнін оқытудың білім беру технологиясы; гуманитарлық ғылымдарды оқытудың инновациялық әдістері.

2.Педагог, тарихшы ғалым, қоғам қайраткері академик Садықовтың өмірі мен шығармашылығы - академик Садықовтың өмірі мен қызметі; ғалымның тарих ғылымына қосқан үлесі; Т.С.Садықовтың Қазақстан білімінің дамуындағы рөлі; Т.С.Садықовтың қоғам қайраткері ретіндегі азаматтық биік Тұлғасы.

Сонымен қатар, конференцияға «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары М.Б.Бейдали, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті, Ресей мемлекеттік білім академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Е.Абылкасымова, Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен Алматы қаласы Білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім бөлімі бастығы В.М.Цзин, сондай-ақ, филология ғылымдарының докторы, профессор Ф.Ш.Оразбаева, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ә.Н.Құбайберген, филология ғылымдарының докторы, профессор Г.С.Қосымова, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Р.Ә.Шаханова, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Қ.Кунапина, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Н.У.Шаяхметов және т.б. оқулық авторлары, академиктер, профессорлар қатысты.

 



443

Вернутся назад

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler