қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
12.03.2020

Ғалымдарға және ТКO/ТТO қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту қызметін ұсынуға конкурс жарияланды

 

2016 жылғы 2 ақпанда ратификацияланған 2015 жылғы 9 маусымдағы №8463-KZ Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім шеңберінде «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру мақсатында ғалымдар және ТКO/ТТO қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту қызметтеріне конкурс жарияланады.

 

Қызметтерді көрсету мерзімі келісімшартқа қол қойылған күннен бастап 9-10,5 айды құрайды және міндетті түрде тілдік емтиханға дайындық және кем дегенде IELTS 5.5-6.0 немесе TOEFL IBT 46-78 және одан жоғары (білім алушылардың кем дегенде 60%-ы) және IELTS 5.0 және TOEFL IBT 45 (қалған білім алушылар үшін) балдарымен тапсырумен жалпы еуропалық тіл біліктілігі шкаласы бойынша Elementary деңгейінен Upper-Intermediate деңгейіне дейін 3 деңгейді қамтиды.

 

Мүдделілік білдіру туралы ұсыныстар 2020 жыл 28 наурыз сағат 18:00-ге дейін (Нұр-Султан қ. уақыты) электрондық мекенжайға қабылданады: rector@kaznpu.kz. Міндетті түрде көшірмесін Жобаның электрондық поштасына жіберу қажет: tto@fpip.kz.

 

Хаттың тақырыбын көрсету қажет: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ТКO/ТТO ғалымдары және қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту жөнінде қызмет көрсетуге консультанттарды іріктеу.

 

Хатта компанияның түйіндемесін (еркін формада) және компанияда қызметтерді көрсету үшін қажетті біліктілік және тиісті тәжірибесі бар екенін көрсететін ақпаратты қоса тіркеу қажет.

 

Мүдделі кеңесшілер (тіл мектептері) қосымша ақпаратты төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша жұмыс сағаттарында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (Нұр-Султан қ. уақыты) ала алады.

 

Байланыс деректері: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Мекен жайы: Алматы қ., Достық, 13

Жауапты тұлғалар: Игисинов Талғат Казыбайұлы

Телефон: +7 (727) 291-64-58

Электрондық пошта: info@kaznpu.kz

 

Техникалық тапсырма


Қызығушылық білдіруге шақыру

 



129

Вернутся назад

 
 



ПнВтСрЧтПтСбВс
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler