қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
15.11.2017

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 6D010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін Кудабаева Перизат Асанбаевнаның «Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында диссертациясы қорғалады.

Диссертация Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған. Қорғау тілі - қазақ тілі.

 

Ғылыми кеңесшілер

Беркимбаев Камалбек Мейірбекұлы- педагогика ғылымдарының докторы, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, Кентау қ., Қазақстан Республикасы.

Касымова Гульнара Маматбековна - педагогика ғылымдарының докторы, Сулейман Демирел университетінің қауымдастырылған профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.

Гриншкун Вадим Валерьевич - педагогика ғылымдарының докторы, Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің профессоры, Мәскеу қ. Ресей Федерациясы.

 

Рецензенттер:

Кеңесбаев Серік Мұхтарұлы - 13.00.08 - Кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының докторы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы, Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.

Нурланбекова Ериякул Кашкынбекқызы - 13.00.01 - Жалпы педагогика, педагогика тарихы және білім беру, этнопедагогика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Шетел тілін оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.

Қорғау 2017 жылғы 15 желтоқсанда сағат 12.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Төле-би көшесі, 31 (1-қабат, 7-кабинет). Сайттың мекен-жайы: www.kaznpu.kz

 

Аңдатпа 3 тілде (орыс,қазақ және ағылшын тілдерінде)


Ғылыми жарияланымдар тізімі


Диссертацияны қорғау барысында түсірілген бейне жазба

 



296

Вернутся назад

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler